Меню KDT
14.png?_=1
"Жалпы білім беретін Шахта мектебі"

Достижения учителей

Главная Достижения учителей

2024 жылғы жетістіктерге көз жүгіртсек, бұл жылы мектебімізде Д-11 сыныптар аралығында 755 оқушы білім алуда. Оның ішінде 139-і үздік, 259-сы екпінді. Оқу сапасы 63,5%. Бұл жылда мектеп бітіруші 18 түлектерден 10 оқушы мемлекеттік грант иегері атанып, 1 түлек «Үздік аттестатқа» бітірді. Негізгі сынып бітірушілерден 7 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Мектепте қолайлы-қауіпсіз орта құрылған, ішкі және сыртқы бейнекамералармен толық жабдықталған. 1-4 сыныптан 295 оқушы және аз қамтылған отбасы балаларынан 55 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
“Отпан” жобасы бойынша 7 кабинет жабдықталды. Лабораториялық заттар, физика,химия, биология зертханалық кабинеттермен жабдықталды. Сонымен қатар “Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясы оқушылардың салауатты өмір салтын жақсарту мақсатында спорт құралдарын сыйға тартты.
Педагог кадрлар саны 77, оның ішінде арнайы мамандар 2 педагог-психолог, 1 педагог-дефектолог, 1 педагог-логопед мамандар қызмет етеді. Бұл жылда мұғалімдердің біліктілік санаты 57,6%-дан 67,6%-ға өсті. Мектепте жас мамандардың үлесі 13%-ды құрайды. Барлық мұғалімдер біліктілік арттыру курстары мен семинарларға 100% қатысты.
Педагогикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысып, аудандық деңгейде жеңімпаз атанған ұстаздар саны 25, оның ішінде 2 мұғалім облыстық байқаудың жеңімпазы атанды. Атап айтсақ, облыстық “Үздік Жас маман” байқауының І орын иегері бастауыш сынып мұғалімі Кибасова Гулназ, “Педагогикалық идеялар панорамасы” облыстық сайысында ІІІ орын иегері химия пәні мұғалімі Төлебай Гүлнұр.
2024 жыл Жалпы білім беретін Шахта мектебі үшін елеулі жетістіктермен есте қалды, Жетістіктерді назарларыңызға ұсынамыз. Оқушыларымыз білім сайыстарында аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерде жүлделі орындарға ие болды. 6 сынып оқушысы Ниял Қуандық республикалық “Мың бала” олимпиадасының жеңімпазы атанды. Облыстық Кіші Ғылым академиясы ұйымдастырған ғылыми жобалар байқауында 7 сынып оқушысы Кенжебекқызы Бану ІІ-орын, 7 сынып оқушысы Аманғали Ақбота ІІ-орын, 9-сынып оқушысы Мырзалы Ақырыс І- орын, 9- сынып оқушысы Қатарбай Аружан ІІ- орын иеленді.
Аудандық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы бойынша 5-11 сыныптан барлығы 61 оқушы қатысты, оның І орын-6 оқушы, ІІ орын-14 оқушы , ІІІ орын-14 оқушы, IV орын- 12 оқушы иеленді. Облыстық кезеңге 13 оқушы жолдама алды. Аудандық лингвистикалық олимпиадасы бойынша Аманғали Ақбота ІІ орын, Наурызбекқызы Нұржайна ІІІ орын, Серікбай Қарақат ІV орын иеленді. Алтын түлек олимпиадасының аудандық кезеңі бойынша Жами А, Балуанияз Г, Шамше Д, Бақтыбай Ж ІІІ орын иеленді.
Алтын сақа олимпиадасынан аудандық кезеңінен Ниял Жасталап І орын, Сайлаубай Диас ІІ орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Президенттік олимпиададан 11 сынып оқушылары Бақытжан Назерке мен Қатарбай Алихан І орын алып, облыстық кезеңнен ІІІ орын иеленді.
Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңіне 7 оқушы қатысып, Санақбай Толғанай ІІІ орынмен, Қуанғалиқызы Дана ІІ орын иеленіп, республикалық кезеңге қатысты.
Ғылыми жұмыстар байқауының аудандық кезеңіне 11 оқушы қатысып, І орын - 1 оқушы, ІІ орын- 3 оқушы, ІІІ орын- 7 оқушы иеленіп, Шыныбек Көркем облыстық кезеңге жолдама алды.
Мектебімізде тәрбие саласындағы әртүрлі байқаулар мен сайыстарда аудандық, облыстық, республикалық жетістіктерге жеткен оқушыларымыз аз емес. Жыл қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар мен жетекшілердің еңбегі орасан зор. Атап айтатын болсақ:
Аудандық байқаудың жүлдегерлері:
1.«Парасат» -1 дебат командасы З.О. Баймырзаевтың туғанына 125 жыл толуына орай аудандық пікірсайыс турнирінде – I орын. Жетекшісі: Сатыбалдиева Г.
2. Қуанғалиқызы Дана- Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Ілияс –қарасөз шебері» номинациясы бойынша - II орын. Жетекшісі: Момынова Н.
3. Мұратбекқызы Балғын - Облыстық «Ғаламшарды бірге сақтаймыз» жас волонтерлар акциясының аудандық кезеңінде «Жерді азып-тозудан қорғаудың» үздік жобасы номинациясы бойынша- III орын. Жетекшісі: Бисенбаева Р.
4. Рысмұханбет Мерей - Облыстық «Ғаламшарды бірге сақтаймыз» жас волонтерлар акциясының аудандық кезеңінде «Қалдықтан-табысқа» үздік жобасы номинациясы бойынша - III орын. Жетекшісі: Бисенбаева Р.
5. Рысмұханбет Аягөз - Облыстық «Жер ана жаса! Ғаламшар түрлен!» жас экологтар байқауының аудандық кезеңінде «Green Schol» (менің өлкемнің экологиялық мәселелері) номинациясы бойынша - II орын. Жетекшісі: Бисенбаева Р.
6. Есболатұлы Әділхан- Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Ел құтқарар ер едім....»- Махамбет шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша- III орын. Жетекшісі: Кенджебаева Ә.
7. Сүйменбекқызы Ақниет- Республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми –шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде- II орын. Сатыбалдиева Г.
«Үйірменің үйретері көп» үйірме жұмыстары бойынша:
8. Ақтаубай Ақжол- «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетінің аудандық кезеңінде «Туристік әндер» номинациясы бойынша- I орын. Жетекшісі:Төребай З.
9. Аманбердіұлы Т- Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының аудандық кезеңінде «Кеме құрастыру» номинациясы бойынша- I орын, облыстық - III орын. Жетекшісі: Ештаева С.
10. Хайруллина Мадина- Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік –қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығы көрме байқауының аудандық кезеңінде ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдердің үлгісін жасау номинациясы бойынша- I орын, облыстық - II орын. Жетекшісі: Утепкалиева Ж.
11. Өтеқасым Айбол - Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік –қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығы көрме байқауының аудандық кезеңінде ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдердің үлгісін жасау номинациясы бойынша - II орын. Жетекшісі : Ештаева С.
12.Темірханұлы Рамазан - Роботехника және бағдарламалау бойынша R ED FEST ашық халықаралық фестивалінің республикалық байқаудан аудан- I , обл – II орын, респ –сертификат иеленді. Жетекшісі: Жөнелбекова Назгүл.
13. Жазықбай Бекжан - Роботехника және бағдарламалау бойынша R ED FEST ашық халықаралық фестивалінің республикалық байқаудан аудан- I , обл – II орын, респ –сертификат иеленді. Жетекшісі: Жөнелбекова Назгүл.
14. Аманбердіұлы Тимур -Роботехника және бағдарламалау бойынша R ED FEST ашық халықаралық фестивалінің республикалық байқаудан аудан- I , обл – II орын. Жетекшісі : Жөнелбекова Н.
15. Санақбай Толғанай - «Менің кіші Отаным» тақырыбындағы республикалық интелектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Менің Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациясы бойынша - III орын. Жетекшісі: Утигалиева М.
16. Бекен Айнара - «Менің кіші Отанымның символы» номинациясы- II орын. Жетекшісі: Қаналы Т.
17. Шалқарбекқызы Т- «Менің кіші Отанымның тарихы» тақырыбындағы республикалық интелектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Менің шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша - III орын. Жетекшісі: Мұратова А.
18. Бақтыбай Іңкар- «Менің кіші Отаным» болашағы тақырыбындағы республикалық интелектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Менің шағын Отанымның болашағы» ном.бойынша- II орын. Мамбетова А.19. Шахтыбай Айжұлдыз- Түпқараған аудандық ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Саламатты Ел» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Парасатты отбасы» атты отбасылар байқауында видеоролик номинациясы бойынша- II орын. Жетекшісі: Ығылымова Г.
20. Кенжебекқызы Бану - «Ақберен» байқауының аудандық кезеңі «Эссе» номинациясы бойынша - III орын. Жетекшісі: Хайруллина М.
21. Аманғали А – Облыстық «Экоәлем» байқауының аудандық кезеңінде – IY орын, Шалқарбекқызы Т – III орын, Бекен Айнара – III орын. Жетекшісі: Бисенбаева Р.
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздіктен шеруі» өткізілді. Отбасылық байқауларға белсене ат салыса отырып, қоғамдық жұмыстарға араласып, мектептегі ата-аналар жиналысына қатысып , «Парасатты отбасы» номинациясына ие болған –Жәмиевтер отбасы марапатталды.
ЖББ Шахта мектебінде спорт үйірмелерінің жасалған жұмыстар жайы туралы жұмыстар жүргізілді. Мектебімізде бірнеше спорт үйірмелері бар. Әрбір үйірменің жыл басында жетекші тағайындалып жылдық жоспар жасақталады. Үйірмелерге мектебіміздің барлық оқушылары қамтылған. Мектепшілік бірнеше спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыстарға оқушылар белсене қатысты.
Аудандық, облыстық жарыстарға қатысты.
Аудандық жарыста тоғызқұмалақ командасы 5-6 сынып оқушылары бойынша 4 оқушы қатысып, 2-ші орынға ие болды. 7-8 сынып оқушылары бойынша 4 оқушы қатысып, 3-ші орынға ие болды. 9-10-11 сынып оқушылары бойынша 4 оқушы қатысып, 3-ші орынға ие болды. Үздік ойыншы бойынша Аманбердіұлы Тимур марапатталды. Футзал үйірмесі бойынша 12 оқушы қатысып 2-ші орынға ие болды. Асық ату жарысы бойынша аудандық жарыстан 5-6,7-8,9-10-11 сыныптар бойынша 1- ші орынға ие болды. Бес асықтан аудан бойынша 5-6,7-8 сыныптар 1-ші орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Аудандық кіші футболдан 12 оқушы қатысып , 2-ші орынға ие болды. Аудандық волейболдан 7-8 сынып қыздар командасы 3-ші орынға ие болды. Аудандық жеңіл атлетика 7-8 сынып командасы 3-ші орынға ие болды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан Үздік ойыншы Аманбердіұлы Тимур марапатталды жәнеде Амандық Әзина 1 орын, Ізберген Махфуза 1орын. Төлеп Қуаныш 1 орын.Айқұлұлы Әбілмансур 2 орын. Мәлік Ерасыл 3 орындармен марапатталды. Мектепішілік лига бойынша обылыстық кезеңнен 5-6 сынып ұлдар командасы 3- ші орынмен марапатталды.
Аудандық “Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі -2024” бойынша 3-ші орын иеленген Абдіхалықова Айдана. Мұғалімдер спартакиадасы аудан бойынша “Волейбол” 1-ші орын Ығылымова Г, Жолманова Қ, Мұратова М, Абдіхалықова А, Мырзагалиева А марапатталды. “Асық атудан” 2-ші орын Нұрбосынов С, Табылғанұлы Д марапатталды.
“Бес асықтан” 3- ші орын Ығылымова Г, Жолманова Қ, Абдіхалықова А марапатталды.
“Тоғызқұмалақтан” 2- ші орын Мұратова М, Табылғанұлы Д марапатталды.
“Үстел теннисі” Мұратова М марапатталды.
Облыс
Тоғызқұмалақтан рапид бойынша әйелдер арасындағы жекелей ашық жарыста 1-ші орынмен Мұратова Мөлдір марапатталды.